Бұл туралы ішкі істер министрлігі қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылдың желтоқсанынан бастап Жанар Толыбаева қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде емес екенін хабарлаймыз, — делінген комитет хабарламасында.
Еске сала кетсек, белгілі спортшы, олимпиада жүлдегері Денис Тенді өлтірген Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар 2019 жылы қаңтар айында сотталған болатын.
Судья екі сотталушыны 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы, жүкті әйел Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза тапты.