Алматы облысында ауыз судан құрт табылды

Тұрғындардың айтуынша, су сапасына жеткізуші кінәлі, ол оны қарапайым арықтан алып, тұтынушыларға тазартпай береді.

Су нашар болғасын, бәрі ішек ауруларымен, тері бөртпелерімен және герпеспен ауыра бастады. Үйге келетін су лас әрі ішінде құрты бар. Жергілікті тұрғындар ауылдық әкімдікке бірнеше рет шағымданған, бірақ мәселе үш жыл бойы шешілмей келеді,- деді тұрғындар.

Тұрғындар жеткізушімен арада сумен қамтамасыз ету туралы шарт жасасқан кезде су таза болғанын айтады. 2020 жылы жағдай өзгерген.

Арықтағы суды 200-ден аса тұрғын тұтынатыны белгілі болды. Алдымен су кәдімгі электр сорғысының көмегімен су қоймасына жіберіледі, сол жерден желілерге бөлінеді. Сүзіп, хлормен тазаланбайды. Тұтынушылар әрбір текше метр су үшін 350 теңгеден төлейді.

Барлық техника, ыдыс жуғыш машина, кір жуғыш машиналар бітеліп қалады. Суға тапсырыс беріп жүрміз, өзім су әкелемін. Әр апта сайын 7 мың теңге кетеді. 5 текше әкелемін. Бұл судан бөлек 28 мың теңге шығады, — дейді Қырғауылды аулының тұрғыны Алексей Яковичный.

Қырғауылдының тұрғындары ауылдық әкімдікке талай рет шағымданып, алайда мәселелерін сол күйі шеше алмаған.

Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Төленбаевтың айтуынша, тұрғындардың жаңа су қоймаларының құрылысын күтуден басқа амалы жоқ.