Сәуірдің басында Қазақстанның солтүстік аймақтарында ауа райы жауын шашынсыз, айтарлық жылы болады. Елдің батысында циклонның әсерімен Қара теңіз аудандарынан екпінді желмен жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап циклон шығыс бағытта қозғала отырып, республиканың қалған аумағында да ауа райының құбылмалылығына алып келеді. Жауын — шашын (жаңбыр, қар) — көбінесе солтүстік өңірлерде, оңтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ және желдің екпіні 15-20, жекелеген күндері 23-28 м/с дейін күшейеді, — делінген хабарламада.
Сәуірдің алғашқы 10 күнінде ауа температурасы жоғарылайды:
— республиканың батысында түнде +1+9°С градустан +3+12°С градусқа, күндіз +7+15°С градустан +15+22°С градусқа дейін;
— солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнде -5+3°С градустан 0,+7°С градусқа дейін, күндіз +2+10°С градустан +5+13°С градусқа дейін;
— орталығында түнде 0,-5°С градустан +2+7°С градусқа дейін, күндіз +6+11°С градустан +13+18°С градусқа дейін.
Сәуірдің бірінші онкүндігінің ортасында антициклонның әсерімен еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасының аздап қысқа мерзімді төмендеуі күтіледі. Ауа температурасы түнде -5+3°С градусқа, күндіз +3+10°С градусқа дейін төмендейді. Бірақ республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде алғашқы 10 күн ішінде түнгі ауа температурасының +8+13°С градусқа дейін жоғарылауы, ал күндізгі ауа температурасының +15+23°С градустан +20+28°С градусқа дейін ауытқуы күтіледі, — делінген хабарламада.
Сәуірдің екінші және үшінші 10 күнінде Қазақстан аумағына Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының жиі енуі жүзеге асады, олар температураның жоғары фонын негіздейді: еліміздің солтүстік жартысында күндіз +15+23°С градус, оңтүстігінде +28+35°С градус. Бірақ бұған қарамастан, негізінен батыс аймақтарда және елдің солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады. Жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр) боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін, жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді, оңтүстік жартысында жекелеген күндері жауын-шашын күтіледі (негізінен жаңбыр түрінде), таулы және тау бөктерінде ауа температурасы төмендеген кезде қар да болуы мүмкін. Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар сәуір айында жиі кездеседі.
Көктемнің ортасында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болатын суық күндер болуы мүмкін. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде суық ауа массаларының енуі кезінде термометр бағандары түнде 0,-9°С градусқа, күндіз +3+8°С градусқа дейін, елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде түнде -5+7°С градусқа, күндіз +10+15°С градусқа дейін төмендеуі мүмкін, — делінген хабарламада.