Алматыда жеті нысанға бомба қойылды деген ақпарат тарады

Қазір қаланың шұғыл жедел қызметтері нысандарды тексеріп жатыр.

Алматы полиция департаменті қызметкерлері нысандардың үшеуін тексеріп үлгерді. Ақпарат расталмады. Тексерісті саперлер арнайы техникамен жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында барлық нысаннан барлық қызметкер мен келушілер эвакуацияланды, — деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматы халықаралық әуежайы да ақпаратты растады.

Әуежай терминалы аумағында бомба қойылғаны туралы ақпарат түскенін растаймыз. Қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды, — деді әуежай баспасөз қызметінің өкілдері.