Басты бетЖаңалықтарАлматы тауларында...

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар: құтқарушылар ескерту жасады

Ведомство мәліметінше, Алматы облысының таулы аймақтарында 1-4 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар көшкінінің болуына байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сонымен қатар таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады.

Алматы облысының аумағында 109 көшкін қаупі бар учаскелер бар, олар Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқан және Ескелді аудандарында, сонымен бірге Текеліде, Іле-Алатау жотасының оңтүстік беткейінде және Жетісу Алатауының солтүстік жотасында орналасқан, — делінген хабарламада.

Қар көшкіні негізінен, температураның жоғарылауынан және жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуінен болатыны хабарланды.