Н.Тілеубаев («Forbes» журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері рейтингіне кірген) 2012-2017 жылдары аралығында қасақана қайтарымсыз несие беру арқылы банк қаражатын шығарған. Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының құны 48 миллиард теңгеден асатын 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлкі және 40 автокөлік құралы бұғатталды, — деді агенттіктің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаева.
Оның айтуынша, күдіктілердің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Ресей Федерациясындағы, Латвия мен Чех Республикаларындағы активтері бұғатталып отыр.
Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 миллиардтан астам теңгені, 200 миллион долларды және 4 миллион еуроны құрайды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді. Іс фигуранттары қамауға алынды, — деді Салтанат Көшербаева.