Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Қатты жел мен жаңбыр күтіледі, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты тұрғындарға көліктерді ағаштардың астында қалдыру ұсынылмайды,- делінген хабарламада.

29 наурызда Алматыда, сонымен қатар таулы аймақтарда жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 18-23 метрге жетеді.

30 наурыз көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын, кейде қатты (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан 2-7 жел соғады, түнде екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 8-10 градус жылы. Түнде тауларда тұман түседі.

31 наурыз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 жылы болады.

1 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 17-19 жылы.