Мемлекет басшысына ұлттық банктің 2022 жылғы 1-тоқсанда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде, сонымен қатар қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияның қарқыны, банк жүйесіндегі депозиттер құрылымының өзгеруі, зейнетақы активтерінің жағдайы мен төлем жүйесінің дамуы жөнінде мәлімет берілді.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.