Жиынды Amanat (бұрынғы Nur Otan) партиясының Алматы филиалы ұйымдастырған. Дәл осы алаңда бүгін Ресейдің Украинаға бастаған басқыншылығына қарсы митинг өтуі керек еді. Алайда Алматы әкімдігі оған рұқсат бермеген.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жиын Қазақстанның мемлекеттік әнұранымен басталды. Оны опера әншісі Талғат Күзембаев орындады.

Талғат Күзембаев
Талғат Күзембаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жиынды мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жүргізді. Ол президент Тоқаевты қолдауға алаңға 2 мың азамат жиналғанын айтты, бірақ бірнеше медиа мұнда 500-700 адам болғанын жазды.

Елнұр Бейсенбаев
Елнұр Бейсенбаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Митингіге қатысқандардың көбі — жастар, студенттер, арасында оқушылар да бар.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Азаматтық белсенділердің кейбірі митингіге жиналған студенттер мен оқушылар оқу орны басшылығының айдауымен келген болуы мүмкін екенін айтты. Ал бірнеше студент әлеуметтік желіде өздері оқитын оқу орны қандай жиынға апара жатқанын айтпағанын, соңында митингіден бір-ақ шыққанын хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Baribar.kz тілшісі Жазира Пірімқұл бірнеше студент пен оқушыдан осы жөнінде сұрап көрді. Олардың біразы хабарландыруды өз оқу орнынан естігенін, бірақ ешкім үгіттемегенін, қинамағанын айтты, кейбірі президент Тоқаевтың реформаларын қолдайтын болып шықты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жиналғандардың қолында «Күшті президент — ықпалды парламент», «Президентпен біргеміз», «Түбегейлі реформа үшін» деген плакаттар болды, кейбірі «Жастар үні естілсін» деген жазу ұстап шыққан. Плакаттардың көпшілігі қолмен жазылмағанын байқауға болады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Митингіде Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, партияның саяси кеңесінің мүшесі Айсұлу Ерниязова, Алматы филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев, мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Саясат Нұрбек, Ерлан Сайыров, Жанарбек Әшімжан, Динара Зәкиева, профессор Ханкелді Әбжанов, халықаралық «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті Максим Рожин, журналист Сергей Пономарев, кәсіпкер Ларион Лян, студент Ариана Белобжицкая және көпбалалы ана Сана Жандай сөз сөйледі. Олар Тоқаевтың реформалары, елдегі өзгерістер мен патриотизм туралы айтты.

Асхат Оралов
Асхат Оралов. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Жанарбек Әшімжан
Жанарбек Әшімжан. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Айдос Сарым және Саясат Нұрбек
Айдос Сарым және Саясат Нұрбек. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ерлан Сайыров
Ерлан Сайыров. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Айсұлу Ерниязова
Айсұлу Ерниязова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Мейіржан Отыншиев
Мейіржан Отыншиев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ларион Лян
Ларион Лян. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Сергей Пономарев
Сергей Пономарев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, бұл алаңда мемлекетті, билікті жамандайтын жиындар ғана болмауы қажет, өйткені бұл оппозицияның ерттеп мінген (меншіктеп алған —  ред.) алаңы емес.

Қазақстанда қандай алаң бар, билік соған аяғымен барып, алаңда сөз сөйлеуге, пікір таластыруға ашық және дайын болуы керек, — деді ол Baribar.kz тілшісіне.

Айдос Сарым
Айдос Сарым. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Төменгі палата депутатынан «Алматыда кеше, 18 наурызда өткен «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестивалі мен бүгінгі митинг елімізде президенттің жеке басына табынуды, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметін асыра дәріптеп, шектен тыс жоғары бағалауды күшейтпей ме?» деп сұрадық.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі президентке, оның жеке басына табынудың қажеті жоқ екенін талай айтқан еді. Мен білсем, ол кісінің жүрегі де, жаны да, мінезі де мұны қаламайды. Қазақ «Көш жүре түзеледі» деп айтады ғой, біз ту ұстаушының емес, тудың, мемлекет, ел, ұлт деген үлкен идеяның айналысына бірігуіміз керек. Сонда ғана діттеген мақсатымызға жетеміз. Біз ашық күрес, ашық бәсеке жағдайына келе жатырмыз, осы үшін күресе білудің тәсілдерін, тәмсілдерін үйренуіміз керек. Құдай қаласа, оны да үйренерміз, оған да келерміз, — деп жауап берді Айдос Сарым.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Митингіде «Алатау серілері» тобы бірнеше ән айтты. Ал алаңға жиналғандар артистермен бірге билеп, жылынуға тырысты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Айтпақшы, 3 жыл бұрын, 2019 жылы дәл осы күні билікке Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін келді.