Алматыда 15 мыңнан астам жас Тоқаевтың реформаларын қолдауға жиналды

Фестиваль-концерттің бастамашылары мен демеушілері бизнесмен, меценат Сырымбек Тау және оның жолдастары болды. «Жаңа Қазақстан» жастар қозғалысын шығармашыл жастар өкілі Оңдасын Құлымбет, G-38 студенттер қозғалысының негізін қалаушы Айсұлу Ерниязова, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров және басқа да белсенді жастар өкілдері қолдады.

Жастар фестивалінің қатысушысы-халықаралық білім беру корпорациясының бірінші проректоры Қайыржан Меңдіғалиев президенттің бастамаларын қолдады. Ол «Жаңа Қазақстан» қозғалысы жігерлі және сапалы жұмыс істеуге ұмтылатын жастарға көмектесе алады деп есептейді.

Іс-шараға студенттермен бірге «Жаңа Қазақстан» бастамасын қолдауға келдім. Бүгін біз бәріміз президентіміз-Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төңірегіне біріктік. Оның идеялары, реформалары, жолдауы айналасында. Қымбатты достар, бүгінде біздің президентіміз айтқандай, «біздің күшіміз – бірлікте», – деді Қайыржан Меңдіғалиев.

Қазақстан-Британ техникалық университетінің проректоры Екатерина Смолякованың сөзінше, «біз ұлы жетістіктердің алдында тұрмыз».

Болашағымыз бүгін басталады. Қазіргі жастар білім мен инновацияға, нақты мақсаттарға ұмтылады. Мен жаңа Қазақстанды құра алатынымызға сенімдімін. 16 наурызда Қазақстан халқына жолдауында президент «Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын» деді. Сондықтан біздің жарқын болашағымыз бүгіннен басталады. Жаңа Қазақстан –  біз, — деді ол.

Еске салсақ, 16 наурызда қоғам және бизнес өкілдері «Жаңа Қазақстан» қоғамдық жастар қозғалысын құру туралы жариялады. Бұл ұйым, қозғалыс бастамашыларының айтуынша, тек Алматыда ғана емес, өңірлердегі ЖОО студенттерімен жұмыс істейді. Осы қозғалыстың құрметіне орай оңтүстік астананың жастарын біріктірген «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестивалі өтті.