Тоқаев Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуацияланы үшін дипломаттарды наградтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауды сәтті ұйымдастырғаны үшін

Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Қалетаев Дархан Аманұлын ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен,

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің кеңесшісі Қызыр Думан Манарбекұлын І дәрежелі «Айбын» орденімен,

Харьковтағы қазақ диаспорасының жетекшісі Қаражанова Макка Сағынғалиқызын, Қазақстан Республикасының Львовтағы құрметті консулы Маслюк Галина Дмитриевнаны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен,

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған) Әлібеков Аслан Аманжолұлын «Құрмет» орденімен,

Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлын, Қазақстан Республикасының Румыниядағы елшілігінің атташе – консулы Кагенов Азамат Мағжанұлын, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің екінші хатшысы – консулы Маманов Дархан Серікұлын, Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы  – консулы Сәбитұлы Бекзатты «Ерен еңбегі үшін» медалімен,

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары Амангелдин Руслан Берекеұлын, Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі консулының көмекшісі Денисенко Анна Владимировнаны, Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің екінші хатшысы Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлын, Қазақстан Республикасындағы волонтерлық корпустың жетекшісі Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлын «Шапағат» медалімен наградталды.