Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда көшеде маска тағу талабы алынды

Жаңа қаулыға сәйкес, көшеде маска тағу талабы алынды. Дегенмен жабық жерлерде, қоғамдық көлікте маска кию міндеті қалады.

Сонымен қатар, елордалық эпидемиология жағдайын бағалау матрицасының «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан барлық нысандарда Ashyq қосымшасын пайдалану бұдан былай міндетті болмайды.

Бас мемлекеттік санитария дәрігер шешімінің толық мәтінін мына жерден оқуға болады.