Тоқаев: Президент туыстарының лауазымды қызметке тағайындалуына тыйым салынады

Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуы тиіс. Сондықтан президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым енгізіледі, — деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актілерінің күшін жоюға немесе қолданылуын тоқтата тұруға құқығы барын айтты.

Бұл норма «қолмен басқарудың» артық тәжірибесін орнықтыруға ықпал етеді және жергілікті атқарушы органдардың дербестігін төмендетеді. Сонымен қатар, қазір президент аудан, тіпті ауыл әкімдерін қызметінен алып тастауға құқылы. Мұндай заңнамалық ережелерді жою қажет, — деді президент.