Басты бетҚоғамҚазақстанда конституциялық...

Қазақстанда конституциялық сот құрылады

Көптеген мемлекетте конституциялық сот институты бар, оған кез келген адам сауалын жолдай алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұндай орган Қазақстанда болған. Сарапшылар Ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы мекеме тиімді қамтамасыз етеді деп санаймын. Соны ескере отырып, елімізде конституциялық сот құруды ұсынамын, — деді президент жолдауында.

Тоқаев бас прокурор мен адам құқығы жөніндегі уәкілге де конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігік берген жөн дейді.

Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қалдам болады деп ойлаймын. Сонымен бірге институционалдық тұрғыдан тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді, оған қоса, азаматтарымыздың конституциялық құқығының қорғалуын жақсарта түседі, — деді мемлекет басшысы.