Басты бетЖаңалықтарПарламент палаталарының...

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бүгінгі жиынға мәжілістің 107 депутатының 103-і және сенаттың 49 депутатының 47-сі қатысып отыр.

Парламентте өтіп жатқан іс-шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Президенттің бұл жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылады.

Бірлескен отырысқа депутаттық корпуспен қатар, премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған үкімет мүшелері, ҚР мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, конституциялық кеңес пен ҚР жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып жатыр.