Тоқаев Қазақстанның төрт елдегі елшісін тағайындады

Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Асқар Тәжібаев Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Уәлихан Төреханов Қазақстанның Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Андриан Елемесов Қазақстанның Кубадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сонымен бірге Абзал Сапарбекұлы Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Албаниядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Ақылбек Камалдинов Канададағы төтенше және өкілетті елшісі, Кубадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.