Мәжілістің екі депутатының өкілеті мерзімінен бұрын тоқтады

Дауыс беруден кейін Зульфия Сүлейменоваға сөз берілді.

Құрметті әріптестер, парламент мәжілісінің қабырғасында соңғы бір жылдың ішінде еліміздің заңнамасын жетілдіруге атсалысу мен үшін, әрине, үлкен мәртебе болды. Сонымен қатар, бұл үлкен жауапкершілік те, сондықтан мен өзімнің қызметімді адал және сапалы орындай алдым деген үміттемін. Қызметімде әрқайсыңыздан көп нәрсе үйреніп, көп нәрсе түйдім. Алдағы уақытта да осылай жұмыс істейміз. Сонымен бірге, еліміздің игілігі жолында игі істерді жасайтынымызға сенімдімін. Барлықтарыңызға үлкен рақмет, — деді Зульфия Сүлейменова.

Мәжіліс депутаты Владимир Тоқтасынов та жұмыстан босату туралы өтініш бергені айтылды. Депутаттар Владимир Тоқтасыновтың өкілетін мерзімнен бұрын тоқтатуды жақтап дауыс берді.