Amanat партиясы cаяси кеңесі бюросының құрамы өзгерді

Саяси кеңестің қаулысымен Amanat партиясы cаяси кеңесі бюросының жаңа мүшелері сайланды.

Бюроның құрамына енгендер:

  • Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының премьер-министрі;
  • Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы;
  • Асхат Раздықұлы Оралов – Amanat партиясының атқарушы хатшысы;
  • Максим Николаевич Рожин – халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті.

Осылайша Amanat партиясы cаяси кеңесі бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.