Басты бетМәдениетГолливуд студиялары...

Голливуд студиялары Қазақстан көрермендеріне картиналарын ұсына береді

Кеше, 10 наурызда мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаевтың төрағалығымен еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысты. Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы — Universal Pictures, Warner Bros және Paramount Pictures бұрын бекітілген кесте бойынша Қазақстандағы көрермендеріне картиналарын ұсынуды жалғастырады.

Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар министрлік қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізіп жатыр. Ведомство тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ екенін хабарлады.

Келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысының басқа да егжей-тегжейі туралы қосымша хабарланады, — делінген хабарлада.