Елімізде қайталама тұрғын үй қымбаттап кетті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шаршы метрдің құны бірден 5,5% өскен, бұл кейінгі сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Сонымен қатар, жаңа ғимараттарда өсім шамалы — 0,4%.

Бәрінен бұрын Нұр-Сұлтандағы қайталама жылжымайтын мүлік бағасы 10%-ке жуық өскен. Мұнда орташа шаршы метрі 590 мың теңге тұрады. Баға динамикасы бойынша Атырау мен Талдықорған да антилидер болып отыр. Алматыда пәтерлер шамамен 3% қымбаттаған.