Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы Андрей Карповичті жуық арада ресми түрде таныстырады.

Қазіргі уақытта 41 жастағы маман «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері қызметін атқарады. Бұл маманның бастамасымен петропавлскілік команда конференция лигасының жолдамасына ие болады.

Андрей Карпович Қазақстан құрамасын ұлттар лигасында Молдоваға қарсы іріктеу ойындарына дайындайды. Аталған кездесулер 24 және 29 наурыз күндері өтеді.