Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Аманжол Әлтай мәжіліс депутаты ретінде ант берді

Аманжол Әлтай. Фото Аманжол Әлтайдың Instagram-парақшасынан

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін, — деді Аманжол Әлтай.

Сонымен қатар, бүгін палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, саяси кеңес бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды.

Мақалаға реакция