Nur Otan атауы неге өзгерді? Мәжіліс төрағасы жауап берді

Желтоқсандағы жағдай мен қаңтардағы ахуалды алып қарасақ, шындығында біз басқа мемлекетте ұйықтап, мүлде басқа мемлекетте оянған сияқты болып отырмыз. Мемлекетке үлкен шабуыл жасалды. Қоғам дүр сілкінді. Өңірлерге сапар барысында халықтың көңіл-күйін, сұранысын байқадық. Негізі партияның өзгеруіне, қоғамның өзгеруіне, биліктің жаңаруына сұраныс бар. Партия соған бейімделуі керек. Осының бәрін ескеріп, партия мүшелері осындай шешім қабылдады, — деді Ерлан Қошанов.

Ерлан Қошанов Amanat деген партияны тіркеуде заң жағынан ешқандай қиындық болмайтынын атап өтті.

Елімізде «Аманат» деген атаумен отыздан аса әртүрлі ұйым бар екен. Бірақ ондай атаумен партия жоқ. Сондықтан Amanat деген партияны тіркеуде ешқандай қиындық болмайды деп ойлаймын, — деді мәжіліс төрағасы.