Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен ролін арттыра түсу керек, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан БҰҰ-ға осыдан тура 30 жыл бұрын – 1992 жылы 2 наурызда кірген болатын.