Елімізде коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

Қайтыс болғандар арасында 10 адамда коронавирус, 1 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.

2 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустан 19 906 адам (–18 815+ және 1 091 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 2123 науқас стационарда, 17 783 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

163 науқастың жағдайы ауыр,
57 науқастың жағдайы өте ауыр,
44 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.