Nur Otan сайлауалды бағдарламасын қайта қарайды

Сәуірде республикалық сайлауалды бағдарламаның орындалуын пысықтау қажет, оның қорытындысы бойынша мәжілістегі фракцияның кеңейтілген отырысын өткізу ұсынылып, онда премьер-министрдің есебі тыңдалады. Әрі қарай өңірлерде де осындай жұмыстарды жүргізуді ұсынып отырмыз. Мұны тәжірибеге жүйелі түрде енгізу қажет деп санаймын,- деді Асхат Оралов.

Сонымен қатар Асхат Оралов Nur Otan партиясының жарғысына өзгерістер енгізу керек екенін айтты.

Қазіргі таңдағы өзгерістерге сай партияның басты бағдарламалық құжаттарын қайта қарау қажет деп ойлаймыз. Ең әуелі партияның жарғысына өзгерістер енгізу керек. Партияның және оның филиалдары төрағасының бірінші орынбасары қызметінің орнына атқарушы хатшы қызметі енгізіледі. Партияның стратегиялық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу де өте маңызды, — деді Асхат Оралов.