СІМ: Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы келіссөзді ұйымдастыруға дайын

Әрине, адамдар өліп жатыр. Орыс және украин халықтары бізге бауыр екені түсінікті, сол себепті, әрине, алаңдаймыз. Біз өз тарапымыздан делдалдық қызметтерді пайдалану үшін жан-жақты көмек беруге дайынбыз. Екі тарап та қажет деп тапса, біз келіссөздерге орын ұсынуға дайынбыз, — деді Мұхтар Тілеуберді Женевада өтіп жатқан БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесінің сессиясы кезінде.

Алайда ол бұл мәселе бойынша әзірше қандай да бір келісім жоқ екенін айтты.

Бүгін, 28 ақпанда Беларусьтің Гомель облысында Ресей мен Украина арасындағы келіссөз басталды.

Келіссөзге Мәскеуден президенттің көмекшісі Владимир Мединский, сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин, мемлекеттік думаның халықаралық комитетінің басшысы Леонид Слуцкий және Ресейдің Беларусьтегі елшісі Борис Грызлов барған.

Киев жағынан қорғаныс министрі Алексей Резников, «Слуга народа» фракциясының басшысы Давид Арахамия, сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий, президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк, жоғарғы рада депутаты Рүстем Умеров, үшжақты байланыс тобындағы Украина делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин бар.