Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарына қарағанда, шекарада тағы 99 азамат кезегін күтіп отыр, олардың арасында Киевтегі Қазақстан елшілігінің дипломаттары бар.
Air Astana эвакуациялық борты (174 орын) 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 09.50-де Атыраудан ұшып шыққан. Ұшақ Катовице әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.33-те қонды. Катовице-Атырау бағыты бойынша кері ұшу 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.30-да жоспарланған, — делінген хабарламада.
Ведомство Қазақстан азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстерді жоспарлап отырғанын да хабарлады.