Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылады, — делінген жарлықта.

Сонымен қатар, Олжас Қизатов Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ал Олег Смоляков қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.