Роман Скляр: Утилизациялық алымның мөлшерін 50% төмендетуге мүмкіндік бар

«Біз тиімді шешімге келдік. Автокөліктің барлық түрі және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша утилизациялық алымның мөлшерін 50 процентке төмендетуге мүмкіндік бар», — деді Роман Скляр «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.

Айта кетері, Қазақстанда утилизациялық алым айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. 2022 жылда бір АЕК 3 063 теңге болып белгіленді. Утилизациялық алым қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді. Оның нақты формуласы бар:

  • қозғалтқыштың көлемі 1 000 см3 –ге дейін болса, 50 АЕК (145 850) х 3 (коэффициент) = 459 450 теңге;
  • қозғалтқыштың көлемі 2 000 см3 –ге дейін — 50 АЕК (153 150 теңге) х 7 (коэффициент) = 1 072 050 теңге;
  • қозғалтқыштың көлемі 3 000 см3 –ге дейін — 50 АЕК (153 150 теңге) х 10 (коэффициент) = 1 51 500 теңге.

Осылайша, аталған төлемнің барлығы екі есеге төмендейді.

Вице-премьердің айтуынша, тарифтерді тағы төмендету немесе көтеру мәселесі алдағы уақытта тағы қаралады.

«Утилизациялық алымның тарифтері екі есеге төмендетіледі. Алдағы уақытта жағдайды бақылап, оны төмендету немесе көтеру мәселесін қараймыз. Бірақ әзірше осындай шешім қабылданды», — деп атап көрсетті Скляр.