Семей полиция басқармасына жаңа бастық тағайындалды

Ернар Базаровты білікті маман, тәжірибелі басшы деп есептеймін. Ол өзіне жүктелген тапсырмаларды орындай алады. Барша әріптестеріме оған қолдау білдіруді сұраймын, — деді Серік Жүнісбеков.

Ернар Базаров 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жол полициясында түрлі қызметтерді атқарған. Семей ІІБ тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Ал осы уақытқа дейін ШҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған болатын.