Президент «Самұрық-Қазына» қорын реформалауға қатысты тапсырма берді

Алмасадам Сәтқалиев президентке энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты.

Мемлекет басшысына қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.