20 ақпандағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасы:
«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары;
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, Қазақстанда карантин жеңілдеп, отбасылық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілді. Сонымен қатар, кеңседе жұмыс істеуге тыйым салатын шектеулер толығымен алынып тасталды.