Алматы облысында полиция көлігі ірі жол апатына түсті

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 19 ақпанда сағат 08.30-да Талғар ауданында болған.  Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды.

Subaru Legacy автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Алматы — Көкпек — Көктал тасжолының 26-шақырымында көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, полицейлердің Kia Cadenza маркалы көлігіне соқтығысты. Артынша Lada Largus, Subaru Outback және Mitsubishi Galant көліктеріне соғылды, — деді полиция өкілдері.

Оқиға салдарынан үш полиция қызметкері зардап шеккен, олар Есіктегі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін олар амбулаторлық деңгейде ем алуға жіберілді.

Басқа зардап шеккен адам жоқ. Жол апаты бойынша қажет тексеріс жүріп жатыр.