Коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды

Қайтыс болғандар арасында 4 адамда коронавирус, 2 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.

19 ақпандағы мәлімет бойынша, 37 116 адам коронавирус инфекциясынан (–35 966 + және 1 150 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде, 4 926 науқас стационарда, 32 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 278 адамның жағдайы ауыр,
• 116 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 82 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.