Жүгіру «Нұрлы-Тау» бизнес-орталығынан басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстігінен, яғни Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі жол 05.00-ден 13.00-ге дейін жабық болады.
Меңдіқұловтан әл-Фараби бойынша түнелге кіру 05.00-ден 13.00-ге дейін жабық болады. Әл-Фарабидің оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Әл-Фарабидің солтүстік жағындағы Желтоқсан көшесінен Esentai Mall-ға дейінгі қозғалыс 07.40-тан 11.00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.
Әл-Фарабидің солтүстік жағындағы Esentai Mall-дан Гагаринге дейінгі қозғалыс 08.30-дан 10.45-ке дейін жабылады. Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін бос ашық болады.
«Нұрлы-Тау» БО-ға көлікпен жүруге ұсынылған жол:
Желтоқсан бойымен оңтүстікке қарай әл-Фарабиге дейін;
Назарбаев бойымен оңтүстікке қарай әл-Фарабиге дейін;
Әл-Фараби бойымен батысқа қарай Назарбаевқа дейін;
Назарбаев бойымен солтүстікке әл-Фарабиге дейін;
Әл-Фарабидің оңтүстік жағымен Желтоқсанға дейін.