Тамара Асар президент сұхбатынан кейін елде жұмысшы күші көбейсе дейді

Президенттің СҰХБАТЫН бастан-аяқ тыңдадым. Алдымен маған ұнағаны — сұхбатты мемлекеттік тілде бергені, құлаққа жағымды және барлық сұраққа дипломатиялық тұрғыда жауап берді. Кесе-көлденең жауап болған жоқ. Әр қазақстандық үлгі алатын дүние. Жылы сұхбат болды. Тағы бір жаныма жақын келген жайт — мемлекет басшысы халықты еңбек етуге шақырды. Шынында да, халық еңбек сөзінен алшақтап кеткен секілді. Нағыз еңбекқорлар азайып барады, — деді Тамара Асар.

Оның айтуынша, елде жұмысшы топтың сапасын арттыру қажет.

Президенттің еңбекшіл халық мәселесін көтергені маған қатты ұнады. Себебі қазір екінің бірі саясаткер, блогер немесе интернеттің гүлі. Қара жұмыстың адамы аз, нағыз еңбекқор, жұмысшы күші көбейсе, — деді Тамара Асар.