Басты бетҚоғамТоқаев бірінші...

Тоқаев бірінші сұхбатын неге орысша бергенін түсіндірді

Президентке «Бүгінгі сұхбатыңыз қай аудиторияға арналған? Осындай бөле жару қазақ тілін кемсіту болып есептелмей ме?» деген сұрақ қойылды.

Бұл ешқандай кемсіту емес, ешқандай менсінбеушілік те емес деп айтуға болады. Көптеген арна осыған дейін бірнеше рет сұхбат беруді сұраған. Мен олардың ешқайсына келіскен жоқпын, кейін тек «Хабар» арнасына ғана сұхбат беремін деп шештім. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты. Соларға тоқтау салу керек болды. Ол сұхбат ең алдымен әлем жұртшылығына Қазақстандағы ахуал жөнінде шынайы ақпарат беру үшін жасалды. Содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатымды кеңінен таратып, барынша пайдаланғанын білесіздер. Қалай болса да, орыс тілі — БҰҰ алты ресми тілінің бірі, оны мойындауымыз керек. Ал қазақ тіліндегі сұхбаттың өз аудиториясы бар, — деді президент Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, мемлекет мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек.

Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан ең алдымен өзіміз оған құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын, — деді мемлекет басшысы.