Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, заңсыз іске қатысқан жергілікті тұрғын ұсталды.
Заңсыз айналымнан шамамен 9 келі мефедрон және α-PVP психотроптық заттары алынды, олардың қара нарықтағы құны 149 миллион теңгеге бағаланып отыр, — делінген хабарламада.
Тағы бір зерттеу барысында Алматыдан еліміздің батыс өңірлеріне жеткізуге арналған 500-ден астам экстази таблеткасы жасырылған сәлемдеме анықталған.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2022 жылғы 7 ақпанда Қазақстан азаматы ұсталды, оның тұрғылықты жерінен қосымша 200 грамм а-PVP психотроптық заты алынды — делінген хабарламада.
Соталды тергеу материалдары қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелген.