Әбдіров президентке ауыл, кент, қала әкімдерін сайлау туралы айтты

Нұрлан Әбдіров мемлекет басшысына орталық сайлау комиссиясының сайлауаралық кезеңдегі қызметінің басым бағыттары таныстырды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау науқанын өткізуге қатысты өңірлердегі сайлау органдарының жұмысы туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент орталық сайлау комиссиясына сайлауаралық үдерістердің заңға сәйкес толық ашық болуын қамтамасыз етуді тапсырды.