Студияның алтын мұрасымен бірге үлкен проблемасы да бар. Оны бәрі бірдей біле бермейді. «Қазақфильм» сыртынан жылы көрінеді, сиқырлы бір аурасы бар сияқты. Бірақ табалдырығын аттаған бойда матетериалдық-шаруашылық базасы қаншалықты ескіріп кеткенін байқайсыз, — деді Ақан Сатаев мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде.
Оның айтуынша, өткен ғасырда салынған киностудия ғимаратының материалдық-шаруашылық бөлігі мүлдем жөндеу көрмеген. Қабырғалар, құбырлар мен электр сымдары шіріп жатыр.
Ал әкімшілік-шығармашылық жұмысқа үңілсеңіз, көңіл-күйіңіз одан бетер түседі. Ұрлық, тамыр-таныстық, кәсіби деңгейдің жоқтығы, бюрократизм, сосын нарықтың нақты сұранысын ескермеу мәселесі де бар. Соның салдарынан мемлекет қаржысы тиімсіз жұмсалады, — деді Ақан Сатаев.
Киностудия басшысының айтуынша, мәселелерді шешу үшін жоспарланған бір-екі жылдан әлдеқайда көп уақыт қажет.
Мысалы, фильмде Beatles тобының әні бар. Сөйтсе, оның авторлық құқығы үшін ақша төлеу керек. Оны ешкім білмеген. Енді осының бәрін тазалау үшін біраз уақыт қажет. Өкінішке қарай, қазір түсіріліп жатқан фильмдердің шығармашылық және коммерциялық әлеуеті әлсіз. Бұл – менің жеке пікірім. Біз оларды түсіру жұмыстарын тоқтата алмадық. Енді аяқтауға мәжбүрміз. Өкінішке қарай, мен киностудияның жетекшісі ретінде ешқашан әріптестерімді басшылықтан бұрын сынап көрген емеспін, бірақ мұны істеуге мәжбүрмін, сондықтан бұл аздап субъектив пікір болуы мүмкін, бірақ олардың шығармашылық және коммерциялық әлеуеті өте әлсіз деп санаймын. Біз олардың өндірісін тоқтата алмадық және оларды аяқтауға мәжбүр болдық. Киностудия өндірістен емес, өз картиналарын сатудан, фильмдер түсіруден ақша табуы керек, олардың көп бөлігі клиентке бағытталған. Әрине, бұл ретте студия нарыққа қажетті барлық түсіру техникасы мен арнайы жабдықтарды жалға беруге тиіс, — деді киностудия басшысы.
Ол алқа мәжілісіне қатысқан мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа «ғаламдық проблеманы» айтып, оны шешу жағынан ықпал жасауды сұрады.
Біз белгісіз себептермен қалаға қосылып кеткен 5 гектар жерге қатысты ресми хаттарды бір жыл бойы жазып келеміз. Бірақ нәтиже жоқ. Дәурен Әскербекұлы, осы мәселеге назар аударсаңыз деген өтініш бар. Себебі бұл кәдімгідей «ғаламдық проблемаға» айналды, — деді Ақан Сатаев.