Antikor мен «Қазақфильм» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде біз қоғамды, белсенді қайраткерлерді, қоғамдық пікір көшбасшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа тартуды жүргізудеміз. Сарапшылар мен жай ғана жанашыр азаматтардың пулы өседі деп үміттенеміз. Өз кезегінде, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде әдістемілік және өзге де көмек көрсетуге дайынбыз, – деп айтты Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов.

Жуырда Antikor «Қазақфильм» АҚ қызметінде бұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін маңызды алдын алу превентік механизмдерінің бірі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Тәуекелдерді талдауға таяуда құрылған «Қазақфильм» комплаенс-қызметі ұйымдардың тиімді қызметі мен парасаттылығын қамтамасыз ету үшін қатысады. Анар Идельбаева қызмет басшысы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында жоспарларымен бөлісті.

Ұлттық компанияларда комплаенс-қызметтердің болуы, менің ойымша, заңнамалық бекіту ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үлкен жетістік болып табылады. Бұл механизм сыбайлас жемқорлықтың алдын алу кезінде өте маңызды. Комплаенс-қызмет – «өзгерістер агенттері» деп есептеймін, – деп атап өтті «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев.

Еске түсіреміз, осы жылдың мамыр айында Қазақстанның мәдениет саласында алғашқы рет комплаенс-қызметі енгізілді. Осылайша, «Қазақфильмде» сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын бөлімше анықталды. Оның негізгі міндеті − ұйым мен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету.