«Қазақфильмге» тінту жүргізіліп жатқаны рас па?

Атап айтқанда, агенттіктің орталық аппараты және аумақтық департаменттері «Қазақфильмге» қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқан жоқ.

Сонымен бірге Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату үшін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты агенттік ақиқат емес ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруге шақырады.