Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
Ауа-райының күрт нашарлауы, яғни толассыз қар жауып, боранның түтеуі салдарынан жолдарда көру мүмкіндігі шектелуіне байланысты Қарағанды учаскесі мен Павлодар облысының шекарасына дейінгі 967-1 135 шақырым жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, — деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.
Павлодардағы дауылды ескерту мерзімі 14 ақпанның кешіне дейін ұзартылды.
Ауа райы болжамына сәйкес, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, жел секундына 15-20 метрге күшейеді, сынап бағаны күндіз -3 -5 градус аралығында болады.