Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бірінші кезектегі міндет екенін айтты.
Сонымен қатар кеңесте ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ішкі істер министрі, қорғаныс министрі және премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша президент қаңтар оқиғасы бойынша мұқият және шынайы тексеру жүргізу, ұсталған азаматтардың құқықтарын қорғау, тексеру барысы туралы халыққа уақтылы ақпарат беру жөнінде мемлекеттік органдарға тапсырма берді.