Қазіргі кезде көлік жүргізушілері сақтандыру төлемін алу үшін жол полициясын күтеді. Хаттамалар рәсімделгеннен кейін сот шешімі шығуы керек. Сөйтіп екі айдай уақыт кетіп қалады. Ал сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол-көлік оқиғасы кезінде барлық құжат жылдам ресімделеді. Полицияның хаттамасы мен сот шешімі қажет емес,- делінген хабарламада.
- екі көлік құралының соқтығысуы;
- жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралдарына ғана зиян келуі (адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру және үшінші тұлғалардың мүлкін зақымдау болмау шарт);
- сақтандыру полисінің болуы;
- екі көлік жүргізушінің өзара келісуі;
- сақтандыру төлемі 100 АЕК-тен (306 мың теңгеден) аспауы.

