Басты бетҚоғамҚанат Бозымбаев...

Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев «Самұрық-қазына» директорлар кеңесінен шықты

Қордың директорлар кеңесіне президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов кірген.

«Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы KASE директорлар кеңесінің 2022 жылғы 28 қаңтарындағы шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгерістер енгізілгені туралы хабарлады: ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, Данияр Ақышев шығарылды, Тимур Сүлейменов сайланды, — делінген хабарламада.

Енді «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасы алты адамнан тұрады. Олар: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Әлібек Қуантыров, Алмасадам Сәтқалиев, Тимур Сүлейменов.