Әлібек Қуантыров ұлттық экономика вице-министрі болды

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастады.

2005-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары Қаржы министрлігінің бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болды.

2013 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2013-2019 жылдары Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Тұңғыш президент – Елбасы кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болды.