Алматының Түрксіб ауданында екі түн суық су болмайды

«Алматы су» МКК мәліметінше, 8 ақпан күні сағат 22.00-ден 9 ақпан күні сағат 06.00-ге дейін Великолукская-Жансүгіров-Сокольский-Палладин-Егоров көшелерінің контурында суық су болмайды.

9 ақпан күні сағат 22.00-ден 10 ақпан күні сағат 06.00-ге дейін Жансүгіров-Сокольский-Палладин-Запорожская көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлерде суық су өшіріледі.

Жаңа су құбырын қосу үшін суық су қызметіне уақытша шектеулер енгізілген.

Анықтама телефоны: 274-66-66

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да