Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның әуе...

Қазақстанның әуе рейсі 79 бағыт бойынша қайта жаңарды

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Сонымен қатар, 2019 жылғы пандемияға дейінгі (2019 жылы – 8,6 миллион жолаушы) көрсеткіш мәнінің өсуі байқалады. Өсім 10% құрады. 2021 жылы отандық әуе компаниялар ішкі бағыттарда 7,6 миллион жолаушы (2020 – 4,6 миллион жолаушы, 2019 – 4,6 миллион жолаушы), халықаралық бағыттарда – 1,8 миллион жолаушы (2020 – 0,8 миллион жолаушы, 2019 – 3,3 миллион жолаушы) тасымалдады.

  • Air Astana әуе компаниясының жолаушылар ағыны 59%-ға өсті, шамамен 3,6 миллион жолаушы тасымалданды;
  • FlyArystan 109%-ға өсті, бұл шамамен 3,1 миллион жолаушыны құрады;
  • SCAT 62%- ға өсті-шамамен 2,1 миллион жолаушы тасымалданды.

Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 17,4 миллион жолаушыны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 63%-ға көп (2020 жылы – 10,7 миллион жолаушы, 2019 жылы – 17,7 миллион жолаушы).

Әуе қатынасы қалпына келтірілген сәттен бастап ішкі тасымалдардың маршруттық желісі 12 бағытқа ұлғайды. Бүгінгі күні ішкі рейстер аптасына 605 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша орындалады.

Халықаралық рейстер 25 елмен (Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Грузия, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Германия, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзербайжан, Катар, Кувейт, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Үндістан, Вьетнам) аптасына 260 рейс жиілігімен 79 бағыт бойынша қайта жаңарды.